БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР №159 «Еңбекші» орта мектебінің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 28 наурыз күні «Білім берудегі заманауи трендтер» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Мақсаты:Жаратылыстану пәнін оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану әдістерімен бөлісу. Семинарда құндылықтарға баса назар аударылды. Мұғалімдермен «PISA» тапсырмаларын орындауда әртүрлі әдіс –тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдарымен тәжірибе алмасты. Семинарда «Ұлттық спортты» дәріптеу мақсатында бірлестік мүшелері мен химия пән мұғалімі Қойшыбаев Мақсұт шахмат, шашка және асық ату ойындарымен мұғалімдерді қарсы алды.Математика пәні мұғалімдері Егембердиева Гүлнұр мен Назарсейт Мейрхан ағайлар «PISA тапсырмаларын оқу үдерісіне кірістіру» тақырыбында жұмыс көрсетті. Жұмыс барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы тапсырмаларды қалай оқушыға меңгертуге болатыны туралы тәжірибе алмасты. География пән мұғалімі Жаңабаева Бағдагүл «Пәндерді дамытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тәжірибелік негіздері» тақырыбында жұмыс көрсетті. PISA туралы таныстырып, тапсырмалардың орындалу жолдарымен таныстырды. Математика пән мұғалімі Құрманбекова Мейрамкүл «Стандартты емес есептерді шешу – оқушылардың шығармашылық дамуының негізі» тақырыбында жұмыс көрсетіп, логикамен есептерді әртүрлі жолдармен шығаруға болатынын, ҰБТ –да есептерді қалай жылдам есептеуге болатынын көрсетті. Семинарды қорытындылауда әдіс бірлестік жетекшісі, информатика пән мұғалімі С. Түкібаева мен жас маман биология пәнінің мұғалімі Пернебекова Тоғжан мұғалімдермен «Ой дода» интеллектуалдық ойын өткізді. Пән мұғалімдері жоғары деңгейде жұмыстар көрсетті. Семинарға қатысушы мұғалімдер іс-шараға белсене қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Семинар соңында қатысушы апайлар өз ойларын білдіріп кері байланыс жасады.





Colts 20